Әбіш қожа мешітінде Республика күніне орай қайырымдылық шарасы өтті
Республика күніне орай Жаңаөзен қалалық орталық Әбіш қожа мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шарасы барысында 20 отбасыға азық-түлік пакеттері таратылды.
Сонымен қатар балаларға әртүрлі тәттілер мен мемлекеттік ту сыйға берілді.
Шараның мақсаты – мереке қарсаңында қоғамда мейірім мен ізгілік құндылықтарын дәріптеу, мұқтаж жандарға қолдау көрсету .


