blog Images

Әбіш қожа мешітінде «Оразаға дайындық»семинары өтті

Қасиетті Рамазан айының келуіне санаулы күндер қалды. Осыған орай, Жаңаөзен қаласы орталық «Әбішқожа» мешітінің әйелдер жамағаты үшін арнайы «Оразаға дайындық» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында мешіт ұстазы Айдана Мұңайтпасова қатысушыларға айлардың сұлтаны Рамазанның қадір-қасиеті, оразаның шарттары мен әдептері туралы толыққанды ақпарат берді. Шара барысында келесідей маңызды тақырыптар талқыланды:Оразаны бұзатын және бұзбайтын амалдар,Сәресі мен ауызашардың мәні,Рамазан айындағы әйел адамның құлшылығы мен отбасылық міндеттері айтылды.
Жиын соңында қатысушыларға рухани сыйлықтар таратылып, жамағат бір-біріне игі тілектерін білдірді. Бұл шара әйелдер қауымының Рамазан айын біліммен және үлкен дайындықпен қарсы алуына септігін тигізбек.