Әбіш қожа мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында келіндер сайысы өтті
Жаңаөзен қаласы орталық Әбіш қожа мешітінде дін мен дәстүрімізді ұштастыру мақсатында әйел жамағаттары арасында келіндер сайысы өткізілді.
Сайысқа қатысушы үміткерлер барлығы видео көрсетілім дайындап,өлең шумақтарымен өздерін таныстырып,әдемі киім үлгілерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды.Сондай-ақ, 2 минутта нан жаю және қазақ салт-дәстүрінен сұрақ-жауаптар қойылды.Сайыс нәтижесі бойынша:
1-ші орын: Байрамбаева Жәннат (Қаржылай сыйлық, залға 1 айға сертификат, косметикаға сертификат және қосымша сыйлық берілді)
2-ші орын: Жексенова Сымбат( ақшалай сыйлық, залға 1 айға сертификат,косметикаға сертификат)
3-ші орын: Мусаева Дидар( ақшалай сыйлық,залға 1 айға сертификат,косметикаға сертификат)
3-орын: Юсупова Үміт( ақшалай сыйлық,залға 1 айға сертификат,косметикаға сертификат)
Қалған қатысушыларға да инабатты,пысық,ақылды,алғыр,өнерлі келін деген номинациялар мен жақсы сыйлықтар табысталды.





