«Әбіш қожа» мешіті:»Мүлік» сүресін жатқа оқудан жарыс өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында «Мүлік» сүресінен жарыс өтті.
Мүлік — отыз күнәні жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Хадисте ибн Масғуд Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Мүлк дүниенің азаптарына тосқауыл болады» дегенін жеткізді. Құранда 30 аяттық сүре бар. Ол сүренің қиямет күні араша түсуі адамды Тозақ отынан сақтап, Жәннатқа кіргізеді. Бұл – Мүлк сүресі.
Сайыс талабы сүрені тажуид ережесіне сай әрі мүдірмей айтып шығу болды.Төрелікке қаламыздың әйел -қыздар секторының жетекшісі Қазақбаева Айнұр мен «Әбіш Қожа» мешітінің әйел -қыздар ұстазы Тасқынбаева Айнұр болды Сайысқа барлығы 11 үміткер қатысып,нәтижесінде :
Бас жүлде: Ермекқалиева Кәусар («Шаңырақ»мешіті)
1- орын: Мырзабекова Әсел («Әбіш қожа» мешіті)
2 -орын: Қиясова Камшат ( «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешіті)
3 -орын: Балабаева Камшат («Әбіш Қожа» мешіті) иеленіп,барлық қатысушыларға жүлделі орындар мен сыйлықтар берілді.