blog Images

«Әбіш қожа» мешіті: Жастар ісі секторы танымдық шара ұйымдастырды

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің жанындағы Жастар ісі секторы ҚМДБ бастамасымен жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» отандық рухани туризм жобасы аясында танымдық шара ұйымдастырып, Бозжыра шатқалына саяхат жасады.

«Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Әбдімүтәліп Жорақұлұлы бастаған жамағат облысымыздың ең жарқын символы болып табылатын Бозжыра шатқалын тамашалап, табиғат аясында рухани сұхбат өрбітті.