blog Images

«Әбіш қожа» мешіті: Студенттерге ауызашар берілді

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің студенттеріне ауызашар дастарқаны жайылды.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған шара барысында Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлы насихат айтып, жиналған көпшілікті жақсы, ізгі істер жасауға шақырды.