blog Images

«Әбіш қожа» мешіті: Наиб имам студенттермен кездесті

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Хафиз Мұсаұлы жергілікті Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі және «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінің студенттерімен кездесті.

«Діни экстремизм – әлемге төнген қауіп» тақырыбында өткен кездесу барысында Хафиз Мұсаұлы экстремистік қозғалыстар мен олардың қитұрқы әрекеттері, олардан сақтану жолдарын айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде жастар имамға дін мәселесінде толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.