blog Images

«Әбіш қожа» мешіті: Футбол жарысы ұйымдастырылды

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің жанындағы Жастар ісі секторы футбол жарысын ұйымдастырды.

Жастарды бұқаралық спорт арқылы біріктіру, салауатты өмір салтын өскелең ұрпаққа дәріптеу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткен спорттық шараға 5 команда қатысты.

Жарыс нәтижесінде І орынды Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінің командасы жеңіп алса, ІІ орын «Әбіш қожа» мешітінің командасы, ал ІІІ орын НГДУ-2 командасына бұйырды. Жүлделі орын иегерлеріне құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Спорттық шарадан кейін ақ дастарқан жайылып, Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлы тұщымды уағыз-насихат айтты.