blog Images

«Әбіш қожа» мешіті: Дін мен дәстүр сабақтастығы насихатталды

Ораза айт мерекесіне орай Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешіті ауқымды шара ұйымдастырды.

Жергілікті дін қызметкерлерінің бастамасымен жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің ауласында қазақша күрес, арқан тарту және ләңгі тебу сынды ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтіп, жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлеріне арнайы сыйлықтар табыс етілді.