blog Images

«Әбіш қожа» мешіті: «Балалар ауылында» ізгі шара ұйымдастырылды

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің жанындағы Жастар ісі секторының мүшелері «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінде болды.

Ізгі шара барысында «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Әбдімүтәліп Жорақұлұлы бастаған жастар мекеме тәрбиеленушілеріне қазақ халқының ұлттық аспабы – домбыра туралы қысқаша мәлімет беріп, күй тартып, тәттілер салынған арнайы қоржындарды үлестірді.

Өз кезегінде балалар үйінің тәрбиеленушілері өздеріне жан жылулығын сыйлаған дін қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.