blog Images

«Әбіш қожа» мешіті: 5 азаматқа кіші қажылыққа жолдама берілді

Қадір түнінің құрметіне орай Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде өткен шара барысында бірқатар азаматтарға ерекше сыйлық табыс етілді.

Құлшылық үйінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы мешіт наиб имамы Әбдімүтәліп Жорақұлұлына және Рамазан айы бойы тарауық намаздарында жамағатты әуезді Құранмен сусындатқан Айбек Нұрланұлы, Ахмет Әбдірахманұлы, Мамадияр Гүлбидин, Толыбек Айдос есімді қариларға құрмет көрсетіп, әрқайсысына кіші қажылыққа жолдама табыс етті.

Бұдан бөлек, Юнус Қадырқұлұлы осындай азаматтарды тәрбиелеген әкелерге де алғыс айтып, арнайы сый-сияпат жасады.