blog Images

«Әбіш қожа» мешіті: 132 балаға «Рамазан базарлығы» табыс етілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің жанындағы Жастар ісі секторы және Әйел-қыздар секторының мүшелері игі шара ұйымдастырды.

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында жүзеге асқан игі шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Әбдімүтәліп Жорақұлұлы бастаған жастар, әйел жамағаты қатысып облыстық мамандандырылған балалар үйі, облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы және№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының 132 тәрбиеленушісіне тәтті сыйлықтар салынған «Рамазан базарлығын» үлестіріп, қуанышқа бөледі.