Адал еңбек – құрметке лайық:Оразмағанбет ахун мешіті тазалықшыларға құрмет көрсетті
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Жаңаөзен қаласы Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун мешітінде рухани жиын ұйымдастырылды.
Шараға күннің ыстығы мен суығына қарамай көше тазалығын қамтамасыз етіп жүрген тазалық қызметкерлері арнайы шақырылды.
Рухани басқосу барысында ақ дастархан жайылып, мешіттің бас имамы Оразбай Түркменбайұлы адалдық, еңбек қадірі және қоғамдағы жауапкершілік жайында тағылымды уағыз-насихат айтты.


