«95 ізгі шара» жобасы: «Зағиптар қоғамына» сыйлық жасалды
Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылған. Биыл бұл ауданның құрылғанына 95 жыл толып отыр. Осы орайда Маңғыстау аудандық Шетпе мешіті тарапынан жүзеге асып жатқан «95 ізгі шара» атты қайырымдылық жобасы жалғасын табуда.
Шетпе мешітінің бастамасы және жергілікті халықтың қолдауымен аудандық «Зағиптар қоғамына» 359 000 теңгеге ноутбук және принтер алынып, табыс етілді.
Маңғыстау аудандық мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!