blog Images

«95 ізгі шара» жобасы: Өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілді

Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылған. Биыл бұл ауданның құрылғанына 95 жыл толып отыр. Осы орайда Маңғыстау аудандық Шетпе мешіті тарапынан жүзеге асып жатқан «95 ізгі шара» атты қайырымдылық жобасының 12-ші және 13-ші шарасы өткізілді.

Алғашқы шара барысында Маңғыстау ауданының бас имамы Құралбай Амалбайұлы бастаған еріктілер Ақшымырау ауылына барып, жақында үйі толық өртеніп кеткен Балта Әлдешбайұлы ағамызбен (6 баланың әкесі) кездесіп халықтың жылуын, сондай-ақ №3 мектептің 1976 және 1982 жылғы түлектерінің қолдауының арқасында жиналған 200 000 теңге қаржылай көмекті табыс етті.

Балта Әлдешбайұлы ағамызға көмек көрсетем деген мейірімді жандар болса 87759208372 (Сағат) номеріне хабарласса болады.

Екінші шара барысында аудан бас имамы Құралбай Амалбайұлы Тұщыбек ауылында үйі өртенген, 6 балалы отбасы Бақытжан және Бибінұр есімді ерлі-зайыптылармен кездесіп халықтың атынан 200 000 және «Шетпе строй» құрылыс дүкенінің иесі Дәурен Темірбайұлы бауырымыздың 200 000 теңге зекетін, барлығы 400 000 теңге қаржылай көмекті табыс етті.

Осы отбасыға көмектесем деген мейірімді жандар болса 87786122427 (Бибінұр) номеріне хабарласса болады.

Маңғыстау аудандық мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!