blog Images

«95 ізгі шара» жобасы Алғыс айту күні жалғасты

Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылған. Биыл бұл ауданның құрылғанына 95 жыл толып отыр. Осы орайда Маңғыстау аудандық Шетпе мешіті тарапынан жүзеге асып жатқан «95 ізгі шара» атты қайырымдылық шаралар легі 1 наурыз — Алғыс айту күнінде жалғасын тапты.

Маңғыстау ауданының бас имамы Құралбай Амалбайұлы бастаған дін қызметкерлері жергілікті «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» ММ-не барып, мекеме ұжымына алғыс білдіріп, тәрбие алып жатырған бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі. Бұдан бөлек мекеме ұжымына 95 000 теңге қаржылай көмек көрсетілді.

Маңғыстау аудандық мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!