blog Images

«95 ізгі шара» жобасы: 80 отбасыға зекет берілді

Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылған. Биыл бұл ауданның құрылғанына 95 жыл толып отыр. Осы орайда Маңғыстау аудандық Шетпе мешіті тарапынан жүзеге асып жатқан «95 ізгі шара» атты қайырымдылық жобасының 15-ші шарасы өткізілді.

ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау өңірі бойынша филиалының және Маңғыстау аудандық мешітінің ұйытқы болуымен жүзеге асқан шаралар барысында, дін қызметкерлері жергілікті әлеуметтік жағдайы төмен 80 отбасыға қаржылай зекет берілді.

«Алла Тағала кәсіпкерлердің берген зекет және садақаларын қабыл еткей. Солардың көмегінің арқасында ауданымызда тұратын 80 шаңырақ қуанышқа бөленді», деді Маңғыстау ауданының бас имамы Құралбай Амалбайұлы.