blog Images

«95 ізгі шара» жобасы: 500 балаға айттық үлестірілді

Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылған. Биыл бұл ауданның құрылғанына 95 жыл толып отыр. Осы орайда Маңғыстау аудандық Шетпе мешіті тарапынан жүзеге асып жатқан «95 ізгі шара» атты қайырымдылық жобасының 17-ші шарасы өткізілді.

Күн көтеріле Ораза айт намазымен басталған мереке күні түрлі қызықты шараларға ұласты. Аудан бас имамы Құралбай Амалбайұлы және аудан ардагерлері мен ақсақалдары атынан Шаймұрза Жаңайұлы сөз сөйлеп, жергілікті халықты мерекемен құттықтады.

Осыдан кейін 500 балаға арнайы тәттілер салынған «Ораза айт қораптары» таратылды. Сонымен қатар ұлық мерекеде ұлттық ойындарымыз дәріптеліп, көпшілік қазақ күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күресі секілді спорт түрлері бойынша бақ сынады.