blog Images

«95 ізгі шара» жобасы: 25-ші шара жүзеге асты

Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылған. Биыл бұл ауданның құрылғанына 95 жыл толып отыр. Осы орайда Маңғыстау аудандық Шетпе мешіті тарапынан жүзеге асып жатқан «95 ізгі шара» атты қайырымдылық жобасы жалғасын табуда.

Шетпе мешітінің бастамасы және жергілікті халықтың қолдауымен Маңғыстау аудандық ауруханасының балалардың дамуын қадағалайтын кабинеттің қызметіне 100 000 теңгеге қажетті заттар және арнайы ойыншықтар алынып, табыс етілді.

Маңғыстау аудандық мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!