«Миғраж» мешіті 300 баланы қуанышқа бөледі
Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешіті және «Үммет жастары» қайырымдылық қоры «Рамазан базарлығын» атты шара ұйымдастырды.
Игі шара аясында аудан имамы Руслан Сағынтайұлы бастаған дін қызметкерлері және еріктілер жас ұрпаққа Рамазан айының мерекелік көңіл-күйін сезіндіріп, рухани тәрбиеге баулу мақсатында 300 балаға тәттілер салынған базарлық қорапшаларын үлестірді.
Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінің бас имамы Руслан Сағынтайұлы және құлшылық үйінің ұжымы осы игі шараға қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс білдіреді. Алла сіздерге разы болсын!