blog Images

30 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Игі шара барысында облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамдары Байкенже Серікбайұлы және Серіжан Байболұлы әлеуметтік жағдайы төмен 30 жанұяға бір айлық азық-түлік себеттерін жеткізіп, қолма-қол табыс етті.

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұжымы осы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!