blog Images

2023 жылдағы жамағаттың алғашқы айлық отырысы өтті

Маңғыстау облысындағы Жастар ісі секторының өкілдігі және Ақтау қаласындағы «Ержан Хазірет» мешіті қаңтар айындағы жамағаттың айлық отырысын ұйымдастырды.

Мешіт бас имамы Ахлиддин Мирсайдұлының және жергілікті дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен жүзеге асқан шараға Мұнайлы ауданынан қарасты мешіттердің имамдары, ұстаздары және жамағаты шақырылып, ақ дастарқан басында қонақ болды.

Шара барысында Ахлиддин Мирсайдұлы, Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінің наиб имамы Мұхтар Бекбаев және Қызылтөбе-2 ауылдық «Мұстафа (с.ғ.с.)» мешітінің имамы Серік Орынханұлы уағыз-насихат айтып, жиналған көпшілікті рухани нәрмен сусындатты.

Бұдан бөлек викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген азаматтарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Игі дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.