blog Images

150 бүлдіршінге Ораза айт тәттілері үлестірілді

Ораза айт қарсаңында Маңғыстау  қажылар қауымдастығы ақсақалдарымен бірлесе отыра 150 бүлдіршінге Айт тәттілері таратылды.

Алдымен Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында емделіп жатқан бүлдіршіндерге тәттілер үлестірілді.

Сонымен қатар,1-ші шағын ықшам ауданында орналасқан №3 ші әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы тәрбиеленіп жатқан ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге ұлы мерекеге орай  тәтті-дәмділер тарту етіліп, әртүрлі тәттілер салынған сыйлық дорбаларын үлестірді.Маңғыстау облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы бүлдіршіндердің  дерттеріне шипа, дендеріне саулық тіледі.