ТӘБӘРІК ЖАСАУҒА БОЛА МА?
Тәбәрік – береке тілеу деген мағынаны білдіреді. Әр-Рағиб әл-Әсфәһани: былай дейді: «Береке – бір нәрседе иләһи жақсылықтың тұрақталғанын аңғартады». Ибн Манзур: «Береке – өсу, арттыру деген мағынада. Тәбәрік – адамға немесе басқа нәрсеге береке тілеп, дұға ету»[1], – дейді.
Ешбір нәрсе өздігінен берекелі болмайды. Берекені беруші бір ғана Алла. Алла Тағала белгілі бір уақыттарды, белгілі бір орындарды берекелі еткендей, қалаған пенделеріне берекені дарытады.