blog Images

ДЕНЕГЕ ТАТУ САЛУҒА БОЛА МА?

Ежелгі Грекия мен Римде құлдарды, қылмыскерлерді белгілі татумен анықтаған. Азия, Африка және Америкада жабайы күй кешкен халықтар және тайпалар мүшелерінің денесіне түрлі ою-суреттер салатын болған. Қазіргі кезде жастар арасында денесіне инемен тесіп жазу немесе сурет (тату) салу сәні кең етек алып келеді.

Тату – тері астына бояуыштарды ендіру жолымен салынатын адам денесіндегі жазу-суреттер. Ислам дінінде денесіне тату салуға тыйым салынады. Себебі Абдолла ибн Омардан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзіне және өзгеге шаш жалғаған, өзінің және өзгенің денесіне тату салған адамдарды лағынеттеді», – делінген (Бұхари, Мүслим).