

«Оразмағанбет ахун» мешітінде жамағат арасында интеллектуалды білім сайысы өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай Жаңаөзен қаласы «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында «Iqra quis» интеллектуалдық сайысы өтті.
Шара шымылдығын «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінің бас имамы Адаев Оразбай жиналған жамағатқа ауызбіршілік ынтымақ маңызы жайлы уағыз айтып,сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Сайысқа дін мен дәстүр, Сирадан, қазақстан тарихынан сұрактар койылды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандарға алғыс хаттар мен сыйлықтар тарту етілді.