«Көрші ақысы — Тәңір ақысы»
Қазақ халқы көрші ақысын жете түсінген.Көрші ақысы-Тәңір ақысы деп қоңсылықты ерекше қадірлеген.Жан-жағында тіршілік етіп жатқан жандармен әрдайым тату тұрған.Сондықтан-да бауырды да басқаны да жанына жақын тартып көмек берген.
Ел аузында «Алыстағы туысыңнан қасыңдағы көршің артық» деген нақыл сақталған.Расымен де ,басқа іс түскенде жырақтағы ағайыннан гөрі жәрдем беруге жүгіретін де қайғымен ,қуанышпен алдымен бөлісетін де жанашыр көрші.Сондықтан да оның орны ерекше.Халқымыз «Көршіні ешкім таңдамайды,Құдай қосады»— деп қоңсыны Жаратушының өз белгілейтіндігіне сенген.Сондықтан да ,жақын көршіні «Құдайы көрші» деп атаған.Мұның мағынасы «Құдайдың өзі қосқан, үйімізді, малымызды,жанымызды жапсарлас әрі жақын еткен» дегенге саяды.Тәңірді Өзі таңдап қоңсы қылған соң ол жақсы болсын, жаман болсын тату-тәтті тұрып көршілік ақысын лайықты түрде өтеу керек деген наным қалыптасқан.Бұл нанымның негізі мұсылманшылықта жатыр.Өйткені ,көршімен жақсы қарым-қатынаста болу — шынайы мұсылмандық қасиет.Бұл жайында қасиетті аяттар мен хадистерде көп айтылады.
Құран Кәрімнің «ән-Ниса» сүресінің 36-аятында:
وَاعْبُدُوا اللَّهَ وَلَا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَبِذِي الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَالْجَارِ ذِي الْقُرْبَى وَالْجَارِ ….
Көрші ақысы жөнінде пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көптеген өсиеттер айтқан.
عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قالت: قُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ إِنَّ لِي جَارَيْنِ فَإِلَى أَيِّهِمَا أُهْدِي؟ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّم: «إِلَى أَقْرَبِهِمَا مِنْكِ بَابًا»، رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.
Бірде Алла Елшісінен (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):