blog Images

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында орын алған қайғылы жол-көлік апаты баршамыздың қабырғамызды қайыстырып, жүрегімізді ауыртты. Бекет-Ата қасиетті орнына зиярат етуге бара жатқан жолаушылар мінген көлік апатқа ұшырап, он адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадық.

Бұл оқиға баршамызға үлкен сабақ болуы тиіс. Адам өмірі — Алланың аманаты. Сондықтан әрбір жүргізуші жол ережесін қатаң сақтап, қауіпсіздікті басты орынға қоюы қажет. Жолаушылар да әрдайым сақтық шараларын естен шығармай, жауапкершілік танытқаны абзал. Бір ғана сәттік қателік бүтін бір әулетті қайғыға салуы мүмкін.

Қаза болған бауырларымыздың рухына дұға бағыштап, олардың артында қалған ұрпақтары мен отбасына барынша қолдау көрсетейік.

Алла Тағала марқұм болған жандарға рақым етіп, жәннаттан мәңгілік мекен нәсіп етсін. Артында қалған туған-туыстары мен жақындарына сабырлық пен төзім берсін. Қазаға ортақтасып, ҚМДБ Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата»мешітінің атынан барша отбасына көңіл айтамыз.
Алла тағала халқымызға амандық, ел-жұртымызға тыныштық берсін.