

БАС ИМАМНЫҢ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ
Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Құрметті Маңғыстаулықтар!Қадірлі ағайын!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің, жергілікті дін қызметкерлерінің және өзімнің атымнан сіздерді қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген,бірліктің, бауырластықтың, жасампаздықтың мерекесі ,ұлыстың ұлы күні- әз-Наурызбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке халқымыздың мәдениеті мен ізгі дәстүрлерінің ұлылығын айшықтайды. Бұл табиғат қана емес, адамзаттың өзі де сергіп, жаңаратын тамаша уақыт.Бабаларымыз Наурызды – жаңашылдыққа ұмтылудың, жаңғырудың нышаны деп қабылдаған. Содан болар, берер тағылымы мол, тарихы тереңде жатқан Наурыз мейрамын ел болып асыға күтеміз.Тағылым мен тәрбиеге толы Наурыз мерекесі күні алыс-жақын жердегі ағайынды мерекемен құттықтап, қал-жағдай сұрасқанымыз абзал.Өйткені ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сауапты істі өз отбасымыздан, айналадағы ағайын-туыстан бастауды өсиет еткен.
Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға денсаулық, бақыт, жақсылық және береке-бірлік тілеймін!Алла тағала елімізге тыныштық, халқымызға бейбіт өмір, елімізді мекендеген түрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара бірлігі мен ынтымақты болуын нәсіп етсін. Ұлыс оң болсын, ағайын!
Құрметпен,ҚМДБ Маңғыстау облысының бас имамы Елжанов Әнуар Ізімбайұлы