blog Images

«Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде «Ақ бата» байқауы өтеді

Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде «Ақ бата» атты бата беру байқауы ұйымдастырылды.

Мешіт бас имамы Адайбек Мақанұлы және жергілікті дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен жүзеге асқан шара барысында сайысқа қатысушылар берген батасының мазмұны, батаны орындау шеберлігі, жатқа айтуы сияқты шарттар негізінде бағаланды.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Муфтыәли Байдұғылұлы жеңіп алса, ІІ орын Құралбай Бөлекбайұлына, ал ІІІ Махмуд Шамсаддинұлына бұйырды.