Бас имам Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде уағыз айтты
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде уағыз айтты.
«Ислам және әйел мәртебесі» тақырыбында уағыз-насихат айтқан облыс бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа аяулы ана, сүйікті жар, сүйкімді қыз, жанашыр әпкемізге деген құрметіміз әрдайым ерекше болуы тиіс екендігін айтып, тұщымды ойларымен бөлісті.