«Жамағат барысы» додасының өтетін күні белгілі болды
«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті және Маңғыстау облыстық қазақ күресі федерациясы өңірімізге қарасты мешіттердің жамағаты арасында «Жамағат барысы» атты доданың өтетінін хабарлайды.
Спорттық бәсекенің өтетін орны мен уақыты:
Ақтау қаласы, 12-ші шағын аудан, 83, «Жас Қанат» спорт кешені.
2023 жылдың 20 наурызы сағат 11:00.
Қатысушылардың тіркелуі 09:00 – 11:00 аралығында жүзеге асады.
Салмақ санаттары:
Қатысушылар 75 келіге дейін және +75 келіден жоғары салмақ бойынша бақ сынайтын болады.
Дода облыстық қазақ күресі федерациясы бекіткен ережеге сәйкес өткізіледі.
Бас жүлде – умра, кіші қажылық сапарына жолдама.
Ескерту: Бұл додаға күрестің кез-келген түрінен спорт шеберлері атанған азаматтар қатыса алмайды