Бас мүфти Алғыс айту күнімен құттықтады
Құрметті отандастар!
Сіздерді бүгінгі алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасыға құт-береке, бақыт пен табыс тілеймін.
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамға алғыс айта алмаған, Аллаға шүкір ете алмайды», – деген.
Бізді жоқтан бар еткен Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Ұланғайыр жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған бабаларымызға, мейірімін төгіп, мәпелеп өсірген ата-анамызға, қамқор болған ағайын-туысқа алғыс айтамын.
Хадистердің бірінде: «Кім сендерге жақсылық жасаса, оған сыйлық беріңдер. Егер берер сыйлық таппасаңдар, ол үшін дұға жасаңдар» делінген. Осы ретте барша қауымды айналадағы адамдарға, жанашыр жандарға алғыс білдіріп, олар үшін дұға жасауға үндеймін.
Алла Тағала халқымызға амандық, жерімізге тыныштық нәсіп еткей. Әмин!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти