Бас мүфти «Ulytau» телеарнасына сұхбат берді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына барған жұмыс сапарында «Ulytau» телеарнасына арнайы сұхбат берді.
Бас мүфти сұхбат барысында Ұлытау облысындағы діни ахуал, мүфтияттың басымдық берген бес бағыт бойынша жұмыстары, «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар, дін мен дәстүр сабақтастығы, жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру, халықтың діни сауатын көтеру т.б. мәселелер төңірегінде өз пікірін білдірді. Сонымен қатар жергілікті жұртшылықты Ұлытау облысының құрылуымен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді.