Бас имам Түпқараған аудандық орталық мешітінде жұма намазын өткізді
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Түпқараған аудандық орталық мешітінде уағыз айтып, жұма намазын өткізді.
«Кісі ақысын жеу – үлкен күнә» тақырыбында жұма уағызын айтқан облыс бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, құлшылық үйіне жиналған жамағатқа өзге адамға қиянат жасамаудың маңыздылығын түсіндіріп, осы әрекеттен барынша аулақ болуға үндеді.
Жақында осы орталық мешіт Түпқараған ауданының бас имамы Дәурен Әліайдарұлының бастамасымен заманауи үлгіде күрделі жөндеуден өткенін айта кеткеніміз жөн.