Ақтау қалалық «Бекет ата» мешіті: Наиб имам түсіндіру жұмыстарына қатысты
Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерлері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының әскери қызметшілеріне «Әскердегі діни экстремизмнің және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» атты тақырыпта түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараға Маңғыстау облысы дін істері басқармасының теолог маманы, Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Айдос Жамбылұлы, Ақтау қалалық орталық шіркеу қызметкері, ҰҚК өкілдері және әскери тергеу басқармасының қызметкерлері қатысып жоғарыда аталған тақырыпта сөз қозғады.