blog Images

ЖАҚСЫ ӘКЕ-ЖАМАН БАЛАҒА ҚЫРЫҚ ЖЫЛ АЗЫҚ

Қазақтың әрбір сөзінің тамыры терең. «Жаксы әке -жаман балаға қырық жыл азық» дейді. Аталмыш нақыл сөздің түп төркіні шариғаттан алынса керек. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде:
«Алла Тағала мұсылман кісінің ізгілігі (діндарлығы) себепті оның баласын, немересін және отбасы мүшелері мен үйінің, төңірегіндегі көрші-қолаңды есендікте ұстайды. Олар Алланы естен шығармайынша осылай жалғасады,-дейді .Қасиетті Құранда да :

«Ол екеуінің әкелері сондай такуа, жақсы кісі еді».деген аят бар. Құрандағы бұл қисса — Мұса пайғамбар(оған Алланың сәлемі болсын) мен Қызыр хикаясынын үзіндісі. Екі дос ғажайып саяхатты басынан өткереді. Соның ішінде, қос жетім хикаясы да бар. Оқиғада Мұса (оған Алланын сәлемі болсын) жолдасымен сапарлатып бір шахарға келіп жетеді. Алыс жолдан арып-ашып, шаршап келе жаткан екеуі қала тұрғындарына құдайы қонақ екенін айтып, үйге кіргізіп, меймандостык көрсетуін сұрайды.Бірақ, ешкім конакжайлык таныта коймайды. Амалсыз екі серік қала маңында тынықпақ болады. Олар құлағалы тұрған қабырғаны көреді де, соған жақындайды. Қызыр (оған Алланын сәлемі болсын) қабырғаға қолын тигізгенде,Хақтың құдіретімен қабырға орнына қайта тұрады. Қызыр Мұсаға (оған Алланың сәлемі болсын) мән-жайды баяндап:

«Қабырға астында қазына бар. Ол байлық жетімдердікі, әкесінен қалған мұра. Екеуі есейгенше казынаны біреу-міреу қолды етпеуі үшін Алла Тағала маған қабырғаны қалпына кетіруімді әмір етті. Қос жетімнің әкесі ізгі адам еді»’, — деп, бұл жаман үйдің қос жетім балаға тиесілі екенін тусіндіреді. Міне, бұл аяттағы оқиға «жақсы әке -жаман балаға қырық жыл азық» деген накылды айшыктай түседі. Кешегі еткен әулиелер хәм ғалымдар әр намазда бала-шағасына жаксылык тілеп дұға етеді екен.

                                                                                             Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы     

                                                                                                                                         Серікбайұлы Байкенже 

                                                                         Мақала «Әке мектебі»  ҚМДБ «Мүфтият баспасы» кітабынан алынды.