ЖАНТ мүшелері Төтенше жағдайлар бөлімінде болды
ЖАНТ мүшелері Жаңаөзен қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінде болып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында «Шаңырақ ш/а» мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы және ұстазы Әжімұқан Өтебақ мекеме қызметкерлеріне дін ұғымының мән-мағынасын ашып, жат діни ағымдардың қаупі, олардың құрығына түспеудің жолдарын жан-жақты баяндап берді.
ҚМДБ тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес РАНТ және ЖАНТ мүшелері өңіріміздің түкпір-түкпірінде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айта кеткен жөн.