АЛЛА ТАҒАЛАНЫ ЕСКЕ АЛУ
Алла Тағаланы еске алу – Жаратушыға иман келтірген пенденің ең жиі атқаратын амалына айналуы тиіс. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ахзаб» сүресі, 41-аятында:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اذْكُرُوا اللَّهَ ذِكْرًا كَثِيرًا
«Уа, иман келтіргендер! Алланы өте көп еске алыңдар!» – деп айтқан.
Бір тақуа кісі айтқан екен: «Алланың атымен ант етейін, мен, Раббымның мені қашан есіне алатынын білемін!» Сонда одан сұрапты: «Ия, Раббың қашан сені есіне алады екен?» Ол болса:«Мен оны, есіме алған кезде»,-деп жауап беріпті. Себебі, Алла Тағала былай деп айтқан емес пе еді: «Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын» (Әл-Бақара, 152-аят).
Өлім хәлінде жатқан бір тақуа кісіге: «Алланы есіңе ал»,-деп айтыпты. Сол кезде ол, әлгі айтқан кісіге: «Қазір есіме алатындай, мен Оны ешқашан ұмытқан емеспін!»,-деп жауап қайтарыпты.
Өзінің тақуалығымен танылған Әл-Джунайд ибн Мұхаммад өлім хәлінде Құран оқып жатқанда, оған біреу: «Өлімің болса, келіп қалды, ал енді саған Құран оқудың не қажеті бар»,-деген екен. Сол кезде ол: «Дәл қазір, жақсы істерге менен артық мұқтаж кім бар екен?»,-деп жауап қайтарыпты.
Тағы басқа бір аятта былай делінген:
«Ей иманға келгендер! Алланы жие-жие, көп еске алыңдар, әрі таңертең және кешке Оны дәріптеңдер» (Әл-Ахзаб, 41-42-аяттар).
|Қашан адам баласы Алланы көп еске алушылардан болып есептеледі екен?
Ибн Салах: «Кімде-кім, таңертен және кешке шариғат заңдастырған әрі Алла Елшісінен (с.ғ.с.) жеткен зікір сөздерін айтуменен Алланы еске алатын болса, онда ол, Алланы көп еске алушы ерлер мен әйелдердің қатарынан болып есептеледі»,-деген.
Бір ғалым айтты: «Алланы көп еске алу – бұл қашан да тіліңнің Алла Тағаланы еске алудан босамауы», және мұның дәлелі, имам Тирмизи мен имам Ахмад керемет иснадпен жеткізген Абдулла ибн Бусраның хадисы:
عن عبد اللهِ بنِ بُسْرٍ رضي الله عنه أنّ رجُلًا قال: يَا رَسُولَ اللهِ، إِنَّ شَرَائِعَ الإِسْلَامِ قَدْ كَثُرَتْ عَلَيَّ، فَأَخْبِرْنِي بِشَيْءٍ أَتَشَبَّثُ بِهِ. قَالَ: (( لَا يَزَالُ لِسَانُكَ رَطْبًا مِنْ ذِكْرِ الله )).
«Мен айттым: «Ей Алланың Елшісі (с.ғ.с.) Расында, Исламның белгілегені мен үшін өте көп. Сол үшін маған, әрдайым істей алатын сондай бір нәрсені көрсетші». Сонда Алланың Елшісі (с.ғ.с.) маған былай деді: «Олай болса, тілің әрдайым Алланы еске алатын болсын»».
Сондай-ақ мына аятта былай делінген:
}إنَّ فِي خَلْقِ السَّمَوَاتِ وَالأَرْضِ وَاخْتِلافِ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ لآيَاتٍ لأُوْلِي الأَلْبَابِ . الَّذِينَ يَذْكُرُونَ اللَّهَ قِيَامًا وَقُعُودًا وَعَلَى جُنُوبِهِمْ{
«Солар Алланы түрегер тұрып, отырған күйі және жамбастап, жатып еске алады, әрі аспандардың және жердің жаратылуы жайында ойланып: «Раббымыз! Сен бұны босқа жаратпадың! Сен /барлық кемшіліктен/ пәксің!»» (Әл-Имран, 191-аят).
Салиқалы адамдар, бірге жиналып, Алланы естеріне алады, ал пасық, күнәһар адамдар, бірге жинала қалса, Шайтанға жақындататын нәрселерді естеріне алады.
Салиқалылардың зікірлері – «әлхамду лиЛләһ» (Аллаға мақтау болсын), «субханаЛла» (Алла пәк), «Аллаһу акбар» (Алла ұлық) және «Лә иләһа илляЛлаһ» (Алладан басқа құдай жоқ) деген сөздерді жие қайталап айтудан тұрады. Ал Алладан теріс бұрылғандардың жие айтатындары – балағат сөздер, өсек, өтірік және біреуді жамандау.
Бір ақын айтқандай:
«Ауруға шалынсақ, Сені есімізге алумен жазыламыз,
Ал сені ұмытуменен, қайтадан дертке ұшыраймыз…»
Ақын осы өлең шумағымен мына нәрсені айтқысы келгендей: «Раббым, қашан жүректерімізді дерт шалса, Сені есімізге алуменен, оны емдейміз де дерттен айығамыз, ал бейқам адамдардың жүректері бос әрі пайдасыз нәрселерді еске алумен дертке шалынып, емделмейді де жазылмайды». Осыған байланысты Алла Тағала айтты:
}الا بِذِكْرِ اللَّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ{
«Жүректер Алланың еске салуымен /Құранмен/ тыныштық тауып, орнығады» (Әл-Раъд, 28-аят).
Қанша мәрте жүректерімізді дүние ләззаттарымен толтырып байлауға тырыссақ та, бәрібір де аталмыш өмірлік рахаттар жүрекке тыныштық бермейді…
Сонымен қатар Алла Тала Құран Кәрімде былай деді:
}فَإِذَا قَضَيْتُمُ الصَّلَاةَ فَاذْكُرُوا اللَّهَ قِيَامًا وَقُعُودًا وَعَلَى جُنُوبِكُمْ{
«Қашан намазды орындап болсаңдар, Алланы тұрған, отырған және жамбастап жатқан хәлде еске алыңдар» (Ән-Ниса, 103-аят).
Осы аятқа байланысты Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Бұл аятта айтылған сөз мынаны білдіреді: адам баласы Алла Тағаланы түнде және күндіз, құрлықта және теңізде, сапарда және үйде, байлықта және жоқшылықта, ауруға шалынған кезде және саулықта, көпшілікте және жалғыздықта немесе жасырын және айқын түрде еске алуы қажет».
Бұған қоса, Алла Тағала былай деді:
}وَاذْكُر رَّبَّكَ فِي نَفْسِكَ تَضَرُّعاً وَخِيفَةً وَدُونَ الْجَهْرِ مِنَ الْقَوْلِ بِالْغُدُوِّ وَالآصَالِ وَلاَ تَكُن مِّنَ الْغَافِلِينَ{
«/Ей Мұхаммад!/ Әрі Раббыңды таңертең және күн батардан алдын бойұсына жалбарынып, қорыққан түрде әрі бәсең үнмен іштей есіңе ал және қаперсіздерден болма» (Әл-Аъраф, 205-аят).
Аса ұлы Алла Пайғамбарға (с.ғ.с.) және барлық мұсылмандарға Раббысын ықыласты түрде еске алуын бұйырды. Таң намазы уақытынан бастап, күн шығып көтерілгенге және екінді (асыр) уақытынан күн батқанға дейінгі уақыт сүннет бойынша Алланы еске алудың өзге уақыттан қадір-қасиеті артық. Алла Тағала құлдарына Өзін ұмыт қалдыруға, қаперсіздік танытуға тыйым салады. Ондай жағдайда аса ұлы Алла оларды өз-өздерін ұмытуға мәжбүр етеді (Имам Табари және А. Саъди тафсирі).
Кейбір кісілер аса маңызды жоғары мансаптарға, зәулім, қымбат үйлерге және байлыққа тым қатты құмарлық танытады, бірақ бұл құмарлықтар еш уақытта оның жүрегіне тыныштық ұялатпайды. Осыған қатысты Алла Тағала айтқан:
}وَمَنْ أَعْرَضَ عَن ذِكْرِي فَإِنَّ لَهُ مَعِيشَةً ضَنكًا وَنَحْشُرُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَعْمَىٰ (124) قَالَ رَبِّ لِمَ حَشَرْتَنِي أَعْمَىٰ وَقَدْ كُنتُ بَصِيرًا (125) قَالَ كَذَٰلِكَ أَتَتْكَ آيَاتُنَا فَنَسِيتَهَا ۖ وَكَذَٰلِكَ الْيَوْمَ تُنسَىٰ{(126)
«Ал, кім Мені еске салуымнан /Құраннан/ теріс бұрылса, оған тар өмір болады әрі Қайта тірілу күні оны соқыр күйде тірілтеміз. Ол: «Раббым! Мені не үшін соқыр күйде тірілттің?! Мен көретін едім ғой»,-дейді. Алла айтты: «Міне, осылай. Саған аяттарымыз келген еді, бірақ сен оларды ұмыттың. Сол секілді бүгін сен де ұмытыласың»,-дейді.» (ТаҺа, 124-126-аяттар).
Адам баласы дүниеде қанша дәулеті болып, қалағанша өмір сүргенмен, тура жолда болмағандықтан, жүрегі орнықпаған, кеудесі тар, іштей жаман күй кешеді. Ол аса ұлы Алланың үгіт, насихаттарын тыңдап, құлақ асудан қашты, міндеттері жайлы ойламады. Сондықтан аса ұлы Алла одан теріс бұрылып, оны тозақ отына тастады (Ибн Касир және А.Саъди тәфсирі).
Ал екіжүзді мұнафиқтарды сөгіп, Алла Тағала былай деді:
}إِنَّ الْمُنَافِقِينَ يُخَادِعُونَ اللَّهَ وَهُوَ خَادِعُهُمْ وَإِذَا قَامُوا إِلَى الصَّلَاةِ قَامُوا كُسَالَىٰ يُرَاءُونَ النَّاسَ وَلَا يَذْكُرُونَ اللَّهَ إِلَّا قَلِيلًا{
«Ақиқатында мұнафиқтар Алланы алдамақшы болады, алайда Алла олардың өздерін алдандырып /күнәларын көбейтуге жол беріп, күнә жасауды жеңілдетеді/ қояды. Олар намазға тұрғандарында, салғырт күйде адамдаға көріну үшін тұрады әрі олар Алланы өте аз еске алады»(Ән-Ниса, 142-аят).
Аятта байқағанымыздай, Алла Тағаланы тым аз еске алу мұнафиқтық сипат екендігіне ишарат етілген. Раббысын қаншалықты есіне алып жүргендігін әркімнің өзі білгендіктен, аталмыш сипатқа лайықты болып қалмаудың амалын жасауға тырысуымыз керек. Ол үшін өз-өзімізді түрлі сылтаулармен алдамай, Раббымыздан жәрдем сұрай отырып, намаздарымызды ықыласты түрде, тақуалықпен әрі Аллаға шынайы беріле (хушуғпен) орындап, Жаратушы Иемізді көп еске алуымыз қажет.
Мұхаммед пайғамбар (с..ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «Алла тағаланың назарында әрі абзал әрі таза, дәрежелеріңді көтеретін, алтын мен күмісті жаратудан артық, тіпті жауларыңмен бетпе-бет тұрып, олардың бастарын шабу, не болмаса сол жолда жан тапсырудан да артық болған амалды айтайын ба?» – деп сұрағайды. Сахабалар: «Әрине, айтыңыз» дегенде, әз елші: «Алла Тағаланы зікір ету» – деп, бұйырған екен. Көріп отырғанымыздай, Алла тағаланы еске алу, жақсы көру Алла тағаланың зікірін жақсы көруден басталады.