Бас имам «Ержан Хазірет» мешітінде уағыз айтты
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Ақтау қаласындағы «Ержан Хазірет» мешітінде болды.
Облыс бас имамы құптан намазына жиналған көпшілікке «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында уағыз айтып, дініміздің жеке адам баласын ғана емес, тұтастай қоғамды да имандылыққа бастап, игілік пен ізгілік жолына бағыттайтынын атап өтті.
Жақында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялағанын айта кеткеніміз жөн.