«Ар-Рахим» мешіті: Жамағат бірлігі үшін дастархан жайылды
Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінде ақ дастархан жайылып, дін қызметкерлері мен жамағат бас қосты.
Құлшылық үйінің имамы Заир Мұхаммадюсуфұлының ұйытқы болуымен жүзеге асқан берекелі жиында Жаңаөзен қаласындағы «Шаңырақ ш/а» мешітінің ұстазы Әжімұқан Өтебақ «мүәккад (бекітілген) сүннет» және «ғайру мүәккад (бекітілмеген) сүннет» тақырыбында уағыз айтып, сүннет амалдарды орындап жүрудің маңыздылығына тоқталды.
Игі дәстүрге айналған осындай шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.