Мұсылманның сабыры сыналатын сапар
Алматы халықаралық әуежайынан қажылардың алғашқы легін қасиетті мекенге шығарып салдық. Биыл елімізден 4 000 адам қажылық парызын өтейді. Қажыларға 18 қажылық фирмасы қызмет көрсетеді.
Қажыларымызды киелі мекенге еліміздің Астана, Алматы, Түркістан, Ақтау қалаларынан Сауд Арабиясының, Кувейттің, Түркияның халықаралық әуе компаниялары тасымалдайды. Сондай-ақ ҚМДБ жанынан құрылған қажылық миссиясы қажылықты ұйымдастыру-үйлестіру, алғашқы медициналық көмек, уағыз-насихат, пәтуа беру және ақпарат тарату жұмыстарымен айналысады. Қазір қажылық миссиясы өз жұмысын бастап кетті. Миссия мүшелері елімізден барған қажылардың алғашқы легін қарсы алып, орналастыру жұмыстарын атқарып жатыр. Алла қажыларымыздың ізгі ниетін, қажылығын қабыл етіп, елімізге аман-есен оралуын нәсіп еткей!
Тарихқа зер салсақ, қажылық дәстүрі қазақы ортада ешқашан үзілмеген. Ресей империясы кезінде де бабаларымыз қасиетті Меккеге барып, қажылық парызын өтеген. Әрине, ол кезде қазіргідей ұшақ, көлік, қонақүй болған жоқ. Соған қарамастан, бабаларымыз арып-аршып ұзақ жол жүріп, ұлы сапарға аттанды. Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы «Қазақ шежіресі» еңбегінде: «Қазақ қазақ болғанда бұл қазақта қажыға ілкі бастап барған уақ Нүркен бай», – дей келіп, қазақтан Самат бай, Байжан хазірет, Құнанбай сұлтандардың қажыға барғанын жазған болатын. ХIХ-ХХ ғасырлардағы Мекке-Мәдинаны бетке алған алғашқы қажылар туралы деректі әңгімелер, өлеңдер, қисса-дастандар қалдырған бір адам болса, ол – Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы. Ол қажылыққа байланысты көрген-білген, естігенін қағазға түсіріп, қазақтардың қажылығы туралы мол мағлұмат қалдырды.
Мәшhүр Жүсіп өз жазбаларын Мекке мен Мәдинаға барып келген қажылардан естігені мен ел аузында айтылып жүрген түрлі аңыз-әңгімелерді пайдалана отырып жазды. «Біреуі бес парыздың – қажыға бару, Бұл жолға мал мен жанды керек салу», – дей келіп, қажылардың ауыр жолда көрген-білгенін, тындырған істерін баяндады. Мәшhүр Жүсіп сапардан аман келген қажыларға шүкір етіп: «Өлмей тірі келгенге сын көп әлі, көбің дерсің бұл сөздің жалғаны жоқ», – деп ескертсе, сол жақта қайтыс болған қажының отбасына, ел-жұртына: «Барып сонда өлгеннің арманы жоқ, аяп сонан құдайдың қалғаны жоқ», – деп басу айтқан.
1874 жылы Досжан, Нұрпейіс хазіреттер, Абайдың әкесі, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы, Жамбылдың ағасы Тәйті Жапаұлы, басқа да қазақтың тұлғалары қажылыққа барған болатын. Осы сапарында қазақ қажылары екі үлкен іс атқарды. Оның біріншісі – қасиетті Мекке қаласында қазақ қажыларына арнап қонақүй (тәкия) салдырды. Екіншісі – қазақтар ресми түрде қажылыққа баруға рұқсат берілген мұсылман халықтардың тізіміне енді.
Аллаға шүкір, бүгінде қазақ деген мұсылман халқы бар екенін бүкіл әлем біледі. Тәуелсіздік алған күннен бастап ел мұсылмандары қажылық сапарына топ-тобымен барып келіп жатыр. Былтырдан бастап Қазақстаннан қажылық парызын өтеуге баратын мұсылмандар саны 4 000 адамға артты. Бұл да Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген үлкен жетістік деуге болады.
jordan 4 reps
rep jordan 4
jordan 4 reps cheap
jordan 4 fake
fake yeezy slides
yeezy slide reps
rep yeezy slides
yeezy slides reps
yeezy slides rep
yeezy slide rep
reps shoes
rep sneakers
yeezy reps
cheap yeezy
yeezy 350 reps
cheap yeezy 350
fake foam runners
yeezy foam runner reps
rep foam runners
Қажылық – мұсылманның бес парызының бірі. Шамасы келетін мұсылман өмірінде бір рет қажылық жасауы тиіс. Алла Тағала Құранда: «Алланың үйін зиярат етуге шамасы келетін әрбір адам үшін қажылыққа бару – оның мойнындағы Алланың ақысы» деген («Әли Имран» сүресі, 97-аят). Абай Құнанбайұлы: «Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс, Жақсы болса, жақсы тұт бәрін тегіс», – деп жырға қосқан. Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы «Мұсылмандық шарты» кітабында бұл жайында: «Қаж қылуға қаражатты да һәм үй-ішінің нәпақасына да малы жетерлік байларға ғұмырында бір мәрте қаж қылмақ парыз», – десе, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин «Мұсылманшылық тұтқасы» еңбегінде: «Қаж ету дегеніміз – өмірде бір рет Мекке шаһарында болғушы қағбатуллаһты, яғни Аллаға құлшылық ететін үй деп танылатын орынға барып, зиярат ету. Қағбаттулаға барып тәуап ету күндегілік я болмаса жыл сайын міндетті амал емес, шамасы келген адам өмірінде бір рет барып қайтса, мойнынан парыз кәміл түседі», – деп түсіндірген.
Қажылық – денемен де, дүниемен де орындалатын құлшылық. Алла Тағала Құранда: «Әйтсе де, кезінде Ибраһимге қасиетті Үйдің (Қағбаның) орнын (құлшылық ететін жер ретінде) белгілеп бергенімізде оған: «Маған еш нәрсені серік етіп қоспа. Үйімді оны тауап ететіндер, онда қиямда (тікесінен тік) тұрып, рукуғ жасап (иіліп) әрі сәжде етіп құлшылық ететіндер үшін таза ұста» деп бұйырған едік. Адамдарға «Қажылыққа келіңдер» деп жар сал. (Барлық адамдарды қажылыққа шақыр). Олар саған мейлі жаяу-жалпы, мейлі ұзақ жолдан арып-ашқан түйелерге мініп болса да дүниенің түкпір-түкпірінен (төрт бұрышынан) келсін. Келіп, қажылықта өздерін күтіп тұрған көптеген (рухани һәм дүниелік) пайдаларды көрсін», – деп бұйырған («Хаж» сүресі, 26-27 аяттар). Осы аятта айтылғандай, мұсылмандар қажылық кезінде Аллаға құлшылық етіп, Қағбаны тауап етіп, ол жерде қиямда (тікесінен тік) тұрып, рукуғ жасап (иіліп) әрі сәжде етіп, құлшылығын атқарады. Қажылық кезінде дүниенің төрт бұрышындағы мұсылмандар қасиетті Қағбаға жиналады.
Қажылыққа ниет еткен адам тақуалық киімі, ақырет кебіні ихрамға оранып, дүниені тәрк етеді. «Ләббәйк Алла! Әміріңді орындауға әзірмін. Ләббәйк Алла! Сенің ешбір ортағың жоқ. Ләббәйк Алла! Барлық мақтау Саған тиесілі. Нығмет Сенікі, мүлік те Сенікі. Сенің ешбір ортағың жоқ» деп, қажылық рәсімін атқаруға кіріседі.
Аппақ киімге оранған күйде өлгеннен соң қайта тірілуді, маһшарды еске түсіретін Арафат тауында тұрып, өзін есепке тартып жатқандай хәлді бастан кешіп, Алладан күнәсінің кешірілуін тілейді. Хақ Тағаланың ұлықтығы, құдыреті, салтанаты үстемдік ететін Мұздалифада түнеп, Алланы көп зікір етіп, Ұлы Жаратушыны қаншалықты танығанын салмақтайды. Алланың үйі – қасиетті Қағбаға барып, өзінің Жаратушы Иенің құзырында екенін сезініп, жеті рет тауап жасайды. Одан кейін Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбардың жұбайы Хажар анамыздың жан күйзелісін кешіп, Қияметтегі қайғырған пенденің жай-күйін жүрегінен өткеріп, Сафа пен Мәруа төбелері арасында жеті рет сағи жасайды. Осылайша, мұсылмандар Жаратушыға жалбарынып, күнәсі үшін кешірім тілеп, Оның разылығына жету үшін жан азабын кешеді. Пайғамбарлардың, сахабалардың, салиқалы жандардың хәлін еске түсіріп, солардың табанының ізі қалған қасиетті жерлерді басып, сынақтан сабақ алып, ой жүгіртеді.
Адамның сабыры сыналатын шақ – осы қажылық кезі. Себебі қажылық мұсылманды тақуалыққа, сабырлы болуға тәрбиелейді. Алла Тағала Құранда: «Таршылықта, қиындықта және соғыс кезінде сабырлық танытқандар, міне солар – шыншылдар әрі тақуалар» деген («Бақара» сүресі, 177-аят) болатын. Егер мұсылман қажылық кезіндегі сынақтарды сабырмен еңсерсе – мақсатының орындалғаны. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Алла Тағаланың разылығы үшін қажылық жасаса, жаман сөзден, теріс қылықтардан, күнәлардан сақтанса, анасынан туғандай күнәдан пәк болып үйіне оралады» деген (Бұхари). Яғни, өзін теріс қылықтардан тыйып, сынақтарға сабыр етіп, Алланың разылығынан үміт етіп, қажылық парызын орындаған адамның мына жалған дүниеде пендешілікпен істеген барлық күнәсі кешіріліп, жүрегіне иман нұры ұялап, анасынан жаңа туған сәбидей күнәдан пәк күйде оралады. Бұл – кез келген адамға бұйыра бермейтін бақ.
Алайда қажылықтың кемел түрде орындалып, қабыл болуы үшін оның мінсіз, өз ережесі бойынша, әдебін сақтай отырып атқарылуы шарт. Себебі Ислам – көркем мінез бен әдептің діні. Мұсылман ешқашан әдептен озбайды. Бұл шарт әсіресе қасиетті мекендегі қажылық кезінде орындалуы қажет. Қажылық сапарына ниет еткен жандар алдымен ниетін дұрыстап, қасиетті сапарды бір Алла Тағаланың ризалығы үшін атқаруды мақсат етуі керек. Сондай-ақ қажылық рәсімдері жайында ізденіп, бұл ғибадаттың парыздары, уәжіптері, сүннеттері, тыйымдары сияқты дүниелерді оқып-біліп алғаны абзал.
Ұлы сапарға аттанар алдында ренжіскен адамы болса, татуласып, біреуге борышты болса, қарызын қайтаруы тиіс. Қажылыққа жұмсайтын қаражаттың адал жолмен табылғанына мән беру қажет. Сол секілді қажылық сапарға аттанатын адам қасиетті мекенге барып, қайта оралғанынша таршылық көрмеуі үшін өзінің отбасы, бала-шағасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етіп, туған-туыстың ризалығы мен үлкендердің батасын алғаны абзал.
Ал қажылыққа барғаннан кейін бұл ғибадатты ынты-шынтысымен орындап, тақуалығын нығайтуға тырысу керек. Қажылықтан келгеннен кейін де тыйым етілген істерден, күнә атаулыдан сақтанып, нағыз мұсылман ретінде өмір сүруі тиіс. Әрине, қажылықтың қабыл болғанын не қабыл болмағанын бір Алла ғана біледі. Дегенмен ғалымдарымыз құлшылықтың қабыл болуының бір белгісі ретінде қажының күнәдан бойын аулақ ұстауын айтқан. Яғни, кім қажылық кезінде күнәлі істерден тыйылып, қажылықтан келгеннен кейін де дәл солай күнәлі істерден тыйылса – қажылығы қабыл болғанының белгісі.
Бірде сахабалары Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ең абзал амал қандай?» – деп сұраған екен. Сол кезде Алла елшісі: «Аллаға және елшісіне деген иман», – деп жауап беріпті. Сахабалар тағы да: «Сосын қайсы?» – деп сұрапты. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла жолындағы күрес», – депті. Сахабалар: «Сосын қайсы?» – деп тағы сұрағанда: «Игі қажылық!» – деп жауап беріпті.
Алла Тағала барша мұсылман баласына осы игі қажылықты нәсіп етсін! Қажылық сапарға аттанған отандастарымыздың қажылығы мен дұға-тілегі қабыл болып, мол сауапқа кенеліп, аман-есен елге оралсын деп тілейміз.
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
«Айқын» газеті, №68, 2023 жыл