blog Images

Белгілі исламтанушы облыстық мешітте уағыз айтты

Белгілі исламтанушы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жамағатымен кездесті.

«Білім алудың артықшылығы» тақырыбында жұма уағыз-насихат айтқан Ризабек Батталұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа білімнің адамды рухани байытып, өмірлік ұстанымын нығайтатын ерекше құндылық екенін, сондай-ақ оны талап ету әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз екендігін еске салды.