«Айттық бізден» атты шара өтті
Ораза айт мерекесіне орай Маңғыстау облысына қарасты «Әйел-қыздар» секторының бастамасы және «Инабат» еріктілер тобының қолдауымен «Айттық бізден» атты шара ұйымдастырылды.
«Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы бастаған еріктілер жас ұрпаққа Ораза айт мерекесінің көңіл-күйін сезіндіріп, рухани тәрбиеге баулу мақсатында 100 балаға тәттілер салынған базарлық қорапшаларын үлестірді. Келе алмаған балалардың үлесі ата-аналарына табысталды.
Ұлдаулет Қоңыратбайқызы жиналған көпшілікті мерекемен құттықтады. Балалар топтарға бөлініп, дамыту ойындарын ойнады.