blog Images

«Мұстафа» (с.ғ.с) мешітінде толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Маңғыстау облысы, Қызылтөбе-2 ауылдық «Мұстафа» (с.ғ.с) мешітінде толық жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда мешіттің ішкі бөлігінде толықтай жөндеу жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар, мешіт ауласындағы қазандық пен ошақ орналасқан аумаққа брусчатка төсеу жұмыстары атқарылуда.

Аталған жұмыстар мешіттің жағдайын жақсарту, ғимараттың тазалығы мен көркін арттыру және жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда.

Мешіт – рухани тәрбие мен имандылықтың ордасы. Сондықтан оның жай-күйін жақсарту, тазалығын сақтау және айналасын абаттандыру – ортақ жауапкершілік. Жүргізіліп жатқан жұмыстар мешіттің келбетін көркейтіп, жамағат үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.