blog Images

Рухани келісім күніне орай волейболдан спорттық турнир өтті

18 қазан – Рухани келісім күніне орай Жастар секторының ұйымдастыруымен ересектер арасында волейболдан  спорттық турнир өтті.

Жарысқа барлығы 8 команда қатысып, өзара бақ сынауда. Турнир 37 жастан асқан ерлер арасында ұйымдастырылып, қатысушылар спорттық шеберліктері мен командалық бірліктерін көрсетуде.

Рухани келісім күніне орай, елдегі әртүрлі конфессиялар мен ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілікті, өзара түсіністік пен бірлікті насихаттау, сондай-ақ салауатты өмір салтын орнықтыру мақсатында ересектер арасында волейболдан турнир өткізілді.

Спорттық шара тартысты әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылар жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытты. Бұл жарыс қоғамдағы ынтымақтастық пен татулықты нығайтуға үлкен үлес қосты.