«Шаңырақ»мешітінің ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің жамағатымен бірлесіп, мешіт аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, мешіт құрылысы барысында қалған тастар мен құрылыс қалдықтары жиналып, бір шахман қоқыс шығарылды.
Тазалық – имандылықтың белгісі. Мешіттің көркеюіне, айналасының таза әрі көрікті болуына атсалысқан барша жамағатқа Алла разы болсын!
Тазалық – ортақ міндет, туған жерге деген құрмет!
