РАНТ мүшесі «Шаңырақ» мешітінде насихат айтты
ҚМДБ РАНТ мүшесі Серікхан Рымханұлы Маңғыстау облысына жасаған іссапары аясында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінің жамағатымен жүздесті.
Кездесу барысында РАНТ мүшесі «Отбасылық мәселелер»табырыбында жамағатпен насихат жүргізді.
Уағыз барысында ислам дініндегі отбасының орны, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілік, ата-ана міндеті және бала тәрбиесінің маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар шаңырақтағы татулық пен берекені сақтау, отбасындағы ізгі қарым-қатынасты нығайту мәселелеріне ерекше тоқталды.
