blog Images

Қарттар үйіндегі қарияларға қайырымдылық көмек берілді

1 қазан – Қарттар күніне орай Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы қарияларға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Игі іс аясында қарияларға азық-түлік себеттері үлестіріліп, көңілдеріне қуаныш сыйланды.

«Қарты бар елдің қазынасы бар» демекші, үлкенді сыйлау, қарияға құрмет көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Қарттарымыздың ақ батасы мен өнегелі өсиеті – кейінгі ұрпаққа берер тағылымы мол рухани мұра.

Қарияларымыз әрдайым төріміздің көркі болып, амандықта ғұмыр кешсін! Ақ жаулықты әжелеріміз бен ақсақалды аталарымыздың ғұмыры ұзақ, дені сау, көңілі шат болсын!