blog Images

Қарттар күніне орай 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

1 қазан – Қарттар күніне орай Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Қазақ халқы қашанда үлкенді сыйлап, ақсақалын ардақтаған. Қарттарымыз – өмірден көргені мен түйгені мол, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін асыл қазынамыз. Осы орайда мерекелі күнде аға буынға құрмет көрсетіп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек беру мақсатында игі шара ұйымдастырылды.

Шара барысында 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіліп, азық-түлік себеттері таратылды.

Ізгі бастама мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғамдағы мейірімділік пен өзара жанашырлықтың маңызын насихаттауға бағытталды.

Қариясын құрметтеген елдің ырысы артып, берекесі молаяды. Осындай қайырымды істер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.